УЧРЕЖДЕНИЕ "КОЛЛЕДЖ АГРОБИЗНЕСА И ЭКОНОМИКИ КАЗПОТРЕБСОЮЗА"
РУС КАЗ

23 наурыз - "Жоралғы күні"

Бұл қазақ халқының бай дәстүрі айшықталатын күн. Ежелден келе жатқан салтжоралғыларының озығы сұрыпталатын сәт. Бүгінгі қазақ қоғамына достық пен мейірбандықты, адамгершілік деген ұлы қасиетті дәріптейтін дәстүрлер орындалады.

Осыған орай колледжімізде Наурыз мерекесі қарсаңында «Тұсау кесер» , «Қызға үкі тағу»дәстүрі өткізілді.

Тұсаукесер – сәби бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң, қаз тұрып, тәй-тәй басқанда жасалатын дәстүр. Бала екі табанымен тұрып, алғашқы қадам жасауға талпына бастаған сәтте дана қазақ “баламыз тез жүріп кетсін” деген ниетпен, сәбидің тұсауын кестіріп, думандатын той жасайды.

Қызға үкі тағу- қызға құда түскенде оның айттырылған қалыңдық болғандығының белгісі ретінде берілетін кәделердің бірі. Қыздың ата-анасына мал немесе ақша беріліп, екі жақ құда болуға уәделеседі. Үкі тағу дәстүрі көбіне қыз бен жігіт бірін-бірі ұнатқанда жасалынады. Бастапқыда үкі қауырсыны бәле-жаладан келінге қорған болсын, ешқандай жамандықты жолатпасын деген ниетпен кәдеге қоса берілген.

 23 марта 2022